Қоғам

Алматы облысы полиция басшысы өлтірілген ағайындылардың жақындарымен кездесті

© Photo : Департамент внутренних дел Алматинской областиАлматы облысы ІІД басшысы генерал-майор Мұрат Үрімханов
Алматы облысы ІІД басшысы генерал-майор Мұрат Үрімханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы ІІД басшысы генерал-майор Мұрат Үрімханов Көксу ауданының қаза тапқан үш азаматының туыстарымен кездесті, деп хабарлады өңірлік полиция баспасөз қызметі.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. Алматы облысы ІІД басшысы генерал-майор Мұрат Үрімханов Көксу ауданының қаза тапқан үш азаматының туыстарымен кездесті, деп хабарлады өңірлік полиция баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: үш ағайынның мал үшін өлтірілуі - қасірет

Мал сатумен айналысатын үш бауыр 40 сиыр сату үшін Көксу ауданынан Алматыға қарай жолға шығып, жоғалып кеткен. Соңғы рет олар туыстарымен байланысқа 18 қыркүйекте шыққан. 21 қыркүйек күні мал тасыған бір, ал екі күн өткеннен кейін екінші көлік табылған. Көліктердің бірі өртенген. 24 қыркүйек күні үш ер адамның зорлықпен өлтіру белгілері бар жансыз денесі табылғандығы белгілі болды.

Ауыл тұрғындарының өлтірілуі қоғамдық резонанс туғызды. Үрімханов оларды өз кабинетінде қабылдап, көңіл айтты. Жәбірленуші тараптың іздеу барысында туындаған мәселелерін, аудандық полиция қызметкерлерінің әрекетіне, күдіктілерді ұстауға қатысты ойларын тыңдап, талқылады. Қаза тапқан азаматтардың туыстарымен осы қылмыстық істі тергеумен тікелей айналысып жатқан ІІД Тергеу басқармасының басшысы мен қызметкерлері де кездесті. Жәбірленушінің туыстарына тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұхамбет Қасымовтың ерекше бақылауында екенін хабарлады.

"Қылмыстық іс ІІД аппаратының өндірісінде. Тергеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер жұмылдырылды. Олар барлық мән-жайды ескеріп, толық, жан-жақты тергеу жүргізеді", — деп сендірді Үрімханов.

Тергеудің болжамынша, қылмыскерлер базарда жапа шегушілерге келіп, барлық малды көтерме бағамен сатып алуды ұсынған. Оларды алдап тау арасына алып шығып, сол жерде үшеуін де өлтірген. Мал мен мүрделерді алып келе жатқан кезде көліктері батпаққа тұрып қалған. Мұнан соң жергілікті тұрғындардан көмек сұраған.

Архивное фото  стреляных гильз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы облысындағы өлім туралы іс "Нұр Отанның" бақылауында

Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Қылмыскерлер өз еркімен мүрделердің көмілген жерін көрсетуге ниет білдіріп, зардап шеккендердің мәйіттері көмілген жерді көрсеткен. 

Жамбыл аудандық соты кісі өлтірді деген күдіктілерді екі айға қамауға алуға санкция берді. Осы резонансты кісі өлтіруге байланысты Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздік және зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері алдағы уақытта үкімет отырысында қаралатынын айтты.

Жаңалықтар
0