Экономика

Қазақстанда ҚМГИ жекешелендірудің ең қымбат нысаны болды

Жазылу
Қазақстандық мұнай және газ институты Қазақстанда өткен жекешелендірудің екінші толқынының ең қымбат нысаны болды, деп хабарлады бейсенбіде "Ақпараттық есепке алу орталығы" АҚ төрағасы Жанасыл Оспанов.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. Қазақстандық мұнай және газ институты Қазақстанда өткен жекешелендірудің екінші толқынының ең қымбат нысаны болды, деп хабарлады бейсенбіде "Ақпараттық есепке алу орталығы" АҚ төрағасы Жанасыл Оспанов.

"Электронды сауда алаңында сатылған ең қымбат нысан — Қазақстандық мұнай және газ институты, құны – 7 миллиард 540 миллион теңге", — деді Оспанов баспасөз мәслихаты барысында.

Бұл ретте ең көп қадамдар мен бағаның өсуі Көліктік сервис орталығын сатуда қалыптасты. Оның айтуынша, бұл лотқа үміткерлерден 1023 баға ұсынысы келіп түскен. Ең көп қатысушы таласқан нысан  Атырау қалалық қажы бөліміне тиесілі 2007 жылғы Toyota Camry автокөлігі болы. Оған 401 әлеуетті сатып алушы қатысты.

"Қағаз жүзіндегі саудаларда мұндай дүрлікпе мен бәсекелестік байқалған жоқ", — деді Оспанов.

Жаңалықтар
0