АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. 2008 жылдан бері алғаш рет ОПЕК елдерінің өкілдері мұнай шығаруды шектеу туралы келісімге келгеннен кейін Алжирден келіп түскен жағымды ақпараттар әсерінен теңге бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбіде күрт өсті.
АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бейсенбіде таңғы және күндізгі саудалардың қорытындылары бойынша сәрсенбі күнгі екі сауда сессияларының қорытындылары бойынша қалыптасқан 336,99 теңгемен салыстырғанда бір долларына 334,93 теңгені құрады.
АҚШ доллары бойынша жиынтық сауда көлемі бейсенбіде 97,150 миллион долларды құрады, ол күн бұрымен салыстырғанда 21,400 миллион долларға артық.
Алжирдегі сәрсенбі күні кешке өткен бейресми кездесуде ОПЕК мұнай шығаруды тәулігіне 32,5-33 миллион баррель көлемінде шектеуге келісті. Алайда 30 қарашада Венада өтетін ОПЕК елдерінің ресми министрлік отырысында бірқатар елдерге жеке квота тағайындау жоспарланып отыр.