Экономика

Назарбаев Павлодар облысы шаруаларымен өңірлік АӨК-ті дамыту мәселелерін талқылады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтудақылдар
дақылдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында "Арго" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында "Арго" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Арго" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешені жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған, ол дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, сақтау және тиеу жұмыстарын толығымен атқарады.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты, жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндалды. Сондай-ақ, Елбасы өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралап, облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Олар орақ науқанының барысы мен аграрлық саланың даму қарқыны жөнінде әңгімеледі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қытайға таяудағы сапары барысында сол елге экспортталатын дәнді және майлы дақылдар мөлшерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізілгенін ерекше атап өтті.

Облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері Мемлекет басшысына елдің ауыл шаруашылығы саласына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0