Алматыда гольф бойынша халықаралық турнир басталды
Алматыда гольф бойынша халықаралық турнир басталды
Sputnik Қазақстан
Гольф ойнау — жақсы, жақсы ойнау —одан да жақсы. Келісті, ақ сүйектер ойыны және оңай емес осы ойынмен бір ойнап көргеннен кейін, бұл пікірмен келіспеу мүмкін... 29.09.2016, Sputnik Қазақстан
Гольф ойнау — жақсы, жақсы ойнау —одан да жақсы. Келісті, ақ сүйектер ойыны және оңай емес осы ойынмен бір ойнап көргеннен кейін, бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес.
Алматыда European Challenge Tour аясында "Жайлау" гольф клубында өткен гольф бойынша"Kazakhstan Open" XII халықаралық турнирына қатысушылар дәл, әдемі қозғалыс көрсетіп, дәл соққы мен табанды шыдамдылық танытты.
Бұның қалай болғанын біздің фоторепортажымыздан көріңіздер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Алматыда, сонымен қатар Астанада және Қостанайда бірнеше гольф-клуб жұмыс істеуде. Биыл Қазақстан халықаралық гольф федерациясының IGF)мүшесі болды.
"Kazakhstan Open-2016" салтанатты ашылуының алдында ресми ойындардың алдында дәстүрлі өтетін жеңімпаздарды және Pro Am турнирі сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Pro Am-ға кәсіпқойлар мен әуесқойлардан құрылған 26 команда қатысты.Осы дәстүрлі турнирдің ерекшелігі әр кәсіпқой ойыншыға үш әуесқой қосылады және бұл төрттік бір команда болып ойнайды.