Қоғам

ҚР Парламенті ҰОС қатысушыларына жеңілдіктер туралы келісімге толықтыруларды мақұлдады

© Sputnik / Костис Нтантамис / Медиабанкке өтуСтарт акции "Георгиевская ленточка" в Афинах
Старт акции Георгиевская ленточка в Афинах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палаты) депутаттары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

АСТАНА, 29 қыр— Sputnik.  Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палата) депутаттары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау туралы келісімге өзгерістер енгізу  туралы хаттаманы ратификациялады деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне, өзге мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау туралы келісімге ТМД 12 елімен, соның ішінде Қазақстанмен 1994 жылғы 15 сәуірде  қол қойылды. Келісімге өзгерістер енгізу  туралы хаттама Душанбеде 2015 жылғы 30 қазанда жасалды.

Бұдан бұрын ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтқандай, тәуелсіздік жылдары бұл келісім жекелеген азаматтарды, соның ішінде ҰОС қатысушыларын әлеуметтік қорғау мәселесінде маңызды рөл атқарды.  Алайда бүгінгі таңда келісім нормаларын өзектендіру қажеттілігі туындады. Хаттаманы ратификациялау ТМД елдеріне табиғи түрде (келісімде көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдіктер) және ақша төлемдері түрінде (ТМД мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес) жеңілдіктер мен кепілдіктер беруге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0