АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде жанжал салдарынан қаза тапты — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға 2016 жылдың 28 қыркүйегінде болған. Мерзімді қызметтегі сарбаз Оразғалиев пен кіші Қарушы күштерге оқудан кейін сержант болып келісімшарт бойынша қызметке келген Рамадинның арасында қақтығыс шыққан.
"Қақтығысты мерзімді қызметтегі ысылған әскер Оразғалиев бастаған, ол қырсығып, бөлім командирінің, яғни келісімшарт бойынша кіші сержант Рамаданның бұйрығын орындамаған. Салдарынан Рамадан Оразғалиевтің бетінен соққы жасаған. Әскери қызметкер талып қалып, Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілген, осында қайтыс болған", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша құзырлы құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.