Спорт

Евгений Тищенко: кешірім сұраймын

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуРесейлік боксшы, олимпиада чемпионы Евгений Тищенко
Ресейлік боксшы, олимпиада чемпионы  Евгений Тищенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі пайдаланушылары ресейлік боксшы және Рио-де-Жанэйро Олимпиадасының чемпионы Евгений Тищенконың Қазақстан өкілдеріне қатысты айтқан пікірі жазылған бейне баянды көріп, реніш білдірді. Sputnik тілшісі спорт ұйымдары мен спортшының өзінен түсінік алуға тырысты.

АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Әлеуметтік желі пайдаланушылары ресейлік боксшы және Рио-де-Жанэйро Олимпиадасының чемпионы Евгений Тищенконың Қазақстан өкілдеріне қатысты айтқан пікірі жазылған бейне баянды көріп, реніш білдірді.  Sputnik тілшісі спорт ұйымдары мен спортшының өзінен түсінік алуға тырысты.

Өзі түсіндірсін

РФ әуесқой бокс федерациясының баспасөз хатшысы Наталья Казанова боксшының айтқанына қатысты түсінік беруге құлық танытқан жоқ.

"Білесіздер ме, мен қазір ешқандай түсінік бере алмаймын, өйткені мен сапардамын, басшылықпен тек ертең ғана кездесемін, — деді бізге Федерация өкілі. – Ал өзімнің жеке пікірімді білдіре алмаймын".

РФ спорт министрлігінің баспасөз қызметі бізге бұл тақырыпқа қатысты ресми сауал жолдап, жауапты күтуге кеңес берді.

Боксшының сөзіне қатысты пікір білдіруге РФ Олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы, танымал спорт комментаторы Константин Выборнов та құлық танытпады.

"Біз неліктен оған түсінік беруге тиіспіз?, — дейді Выборнов. – Өз сөздеріне өзі, бапкерлер, Федерация басшылығы түсінік берсін. Олимпиада комитетінің қандай қатысы бар? Ол бір нәрсені сандырақтады екен деп, неліктен біз оған түсінік беруіміз керек? Егер ол түсінбейтін болса, оған қалай дұрыс екенін айтар".

Чемпионды аяғынан шалған кім?

Біз Евгений Тищенконың өзіне қоңырау соқтық.

"Бұл сөз шықпауы тиіс еді – деді бізге Тищенко. – Бұл жасырын түсірілім болатын".

Спортшының айтуынша, ол Риодан орлағаннан кейін, оны Қазақстан тарапынан ғаламтор – пікірлер үнемі ренжітеді екен. "Шын мәнінде менің бұл ұлтқа деген ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ маған қазақстандық жанкүйерлерден граматикалық қателері бар балағат сөздер есту ауыр тиеді", — деді Тищенко.

Спортшы эфирге арналмаған бейне түсіріліммен оның аяғынан шалғандығына сенімді.

"Мен кешірім өтінемін, — деді Евгений Тищенко. – Маған қазақстандық жанкүйерлерден  жекпе-жекке қатысты өзім туралы жағымсыз әңгімелер есту ауыр тиеді. Төрелік шешімді қабылдаған мен емес".

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Василий Левитпен ақтық жекпе-жекте Евгений Тищенко жеңімпаз ден танылды. Төрешілердің бұл шешімімен трибунадағы көптеген көрермендер келіспеді. Қазақстанда Левит олипиада чемпионы секілді 250 мың АҚШ доллары көлемінде материалдық сыйақы алды.

Жаңалықтар
0