АСТАНА 28 қыр — Sputnik.Сәрсенбіде, 28 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет".
Тек батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.Солтүстікте, шығыста және орталықта үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.