Экономика

Алматы қаржы орталықтары рейтингісінде Мәскеуден озды

© Sputnik / Руслан Кривобокграфик биржа торги
график биржа торги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік астанасы жаңартылған рейтингте 7 сатыға көтерілген.

АСТАНА 27 қыр — Sputnik. Алматы Z/Yen Group  лондондық консалтингтік фирмасы нұсқасы бойынша әлемдік қаржы орталықтарының бәсекелестігі рейтингісінде Мәскеу, Санкт-Петербор, Прага, Хельсинки және бірқатар еуропалық астаналардан озып,  70 орынға дейін көтерілді.

Қазақстанның оңтүстік астанасы жаңартылған рейтингте 7 сатыға көтерілген.

Мәскеу 17 сатыға төмендеп, 84 орында, Санкт-Петербург – 85 орында, Прага – 72 орында, Хельсинки – 81 орында.

Рейтингте көш бастағандар Лондон, Нью-Йорк, Сингапур, Гонконг және Токио.

Алматыны өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту идеясы алғаш рет 1995 жылы Қазақстан банктерінің қауымдастығы мүшелері мен басшылық құрамының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде жарияланды. Қаржы орталығын құру бойынша тәжірибелік қадамдар 2000 жылдардың басында басталды.

Алматы өңірлік қаржы орталығы мәртебесін 10 жыл бұрын алды. 2006 жылғы ақпанда Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттігі құрылды.



Жаңалықтар
0