АСТАНА, 27 қыр – Sputnik. Америкалық Калифорния штатының тұрғыны "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылмақшы болғаны үшін және Сирияға дейін ұшаққа билет сатып алу мақсатындағы банктік алаяқтығы үшін 30 жылға сотталды деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
25 жасар Надер Эльхузауил террористерге материалдық көмек көрсетпек болғаны үшін айыпты деп танылғаны хабарланады. Оны өткен жылғы мамырда Лос-Анджелес әуежайында Түркияға дейін ұшатын ұшаққа отырғызу кезінде ұстаған. Түркиядан ол Сирияға баруды жоспарлаған.
Эльхузауилдің қол жүгінен ИМ жазалауларының суреттері бар диск және АҚШ қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің есімдері мен мекенжайлары көрсетілген "ату тізімі" табылды деп хабарлайды агенттік.