АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Президент өкілеттігінің мерзімін ұзартуды қарастыратын Әзербайжан конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өтті деп танылды, деп хабарлады дүйсенбіде ОСК ақпараттық орталығының директоры Фарид Оруджаев.
Референдумға президент өкілеттігінің мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартуды, вице-президент қызметтерін енгізуді, мемлекет басшысы мен депутаттыққа кандидаттар үшін жас мөлшерін төмендетуді қарастыратын Әзербайжан конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі шығарылған.
Әзербайжанның сайлау кодексіне сәйкес, референдумға сайлаушылардың кем дегенде 25%-ы қатысса, референдум өтті деп саналады.
Соңғы деректерге сәйкес, келушілер саны 50%-дан асқан.