Оқиға

Рудныйда күйеу жігіт тойына банктен ақша ұрламақ болған

© Sputnik / Рамиль СитдиковТапанша. Мұрағаттық сурет
Тапанша. Мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рудный қаласының тұрғыны өз тойының шығындарын өтеу үшін банкті тонамақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Рудный қаласының тұрғыны өз тойының шығындарын өтеу үшін банкті тонамақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

арест суд - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда банк қызметкерінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Күдікті полиция қызметкерлеріне айтып бергендей, банкті тонау туралы шешімді ол, банк оған үйлену тойын өткізуге ірі сомадағы несие беруден бас тарқаннан кейін қабылдаған.

Sputnik агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 жастағы күйеу жігіт тапаншамен қаруланып алып, кассаға барып 800 мың теңге талап еткен. Күзетші оны бірден ұстаған.

Жергілікті ІІБ бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Жаңалықтар
0