АСТАНА 26 қыр — Sputnik. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі " бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдауды бастады деп хабарланады банктің сайтында.
"Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі 2016 жылғы 26 қыркүйектен 26 қазанға дейін жүргізіледі. Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: "таза" әрлеуде 120 000 теңге.
Нысан "Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалау, № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 жобалық атаулары көшелерінің қиылысы, №15 Лот" мекен-жайында орналасқан. Пәтер саны: 251, құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2016 жылдың қараша айы.
Пәтер ауданы 43,4 ш.м.-ден 78,82 ш.м. дейін құрайды.