АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Полиция із-түссіз жоғалған кәмелет жасына толмаған қызды іздестіруде деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінен.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не Сарыағаш ауданының 1994 ж.т. тұрғыны оның кәмелет жасына толмаған 2001 ж.т. сіңілісі Абдусаматова Айда Даниярқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмағаны жөнінде арызданған.
Әпкесінің айтуы бойынша 13 қыркүйекте 15 жастағы сіңілісі екеуі Шымкент қаласындағы "Алаш" базарына келген, содан 17 сағат 30 минут шамасында сіңілісі Айда Абдусаматова белгісіз бағытқа кетіп қайтып оралмағандығын айтып көрсеткен.
Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 155-160 см., орта денелі, шашы қара, көзі – қара түсті. Қоңыр-сары түсті кеудеше, қара түсті спорттық шалбар, жазғы аяқ киім киген.
Ерекше белгілері: Ішінің оң жақ төменгі тұсында отадан қалған (аппендицит) тыртығы бар.
Жоғалған 2001 ж.т. Абдусаматова Айда Даниярқызының жүрген жері туралы қандай-да бір ақпарат білетіндер болса полицейге хабарлауын сұрайды. Тел.: 102 немесе 8-771-883-30-13.