Экономика

Қырғызстан: Алматы - Чолпон-Ата жолының салыну мерзімі белгісіз

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуРеконструкция дороги. Архивное фото
Реконструкция дороги. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Бішкек арқылы Чолпон-Атаға дейінгі қашықтық 460 шақырымды құрайды. Жол салынып біткен кезде ол 200 шақырымға қысқарады.

АСТАНА, 23 қыр — Sputnik. Алматы — Чолпон-Ата жолының салыну мерзімі белгісіз деп мәлімдеді "Онугуу — Прогресс" фракциясының отырысында көлік және жолдар министрі Замирбек Айдаров, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Оның айтуынша, жол Кемин арқылы өтеді.

"Біздің міндетіміздің қатарында бір көпірді және асфальт-бетон жабындысының бір шақырымын салу бар.  Жұмыстың қалған бөлігін Қазақстан орындауға тиіс, алайда онда әзірге қаржыландыру көздерін анықтау процесі жүріп жатыр. Қазақстандық тарап жолды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салуға ниетті", — деді  министр.

2015 жылғы жазда сол кездегі Қырғызстан және Қазақстан премьер-министрлері аталмыш жолды салуға келіскен.  Алматыдан Бішкек арқылы  Чолпон-Атаға дейінгі қашықтық 460 шақырымды құрайды. Жол салынып біткен кезде ол 200 шақырымға қысқарады.

Жаңалықтар
0