АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс атқарды, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда тіркелмеген биологиялық активті қоспаларды (БАҚ) насихаттау бектілген.
"Биологиялық активті қоспалар туралы жарнама ақпарат тұтынушыны жаңылыстыруға әкеп соғуы, оның ішінде өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін", — деп ескертеді комитет.
Комитет мониторинг қорытындылары бойынша мынадай тіркелмеген БАҚ-тарды анықтады: "Мадерия с Лицетином", Алкостопин Форте, "Литомасло "Мужская сила" бальзамдары.
Осыған байланысты, Комитет тіркелмеген БАҚ-тарға қатысты шаралар қабылдау мәселесін пысықтауда, сондай-ақ БАҚ-ты жарнамалауды бақылау мақсатында тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет-ресурстарға мониторинг, оның ішінде БАҚ-ты жарнамалау мәселесін түсіндіру бойынша іс-шаралар жүргізетін болады.