Өңірлер

Атырау облысы кедендік бақылау басқармасы қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды

© Sputnik / Максим БогодвидСуд
Суд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысы кедендік бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары пара алғандары үшін сотталды.

АСТАНА 22 қыр — Sputnik. Атырау облысы кедендік бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары пара алғандары үшін сотталды деп хабарлайды Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың наурыз-сәуір айларында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің кедендік бақылау Басқармасының лауазымды тұлғалары, соның ішінде, бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерлерімен сөз байласып, құжаттарды кедергісіз және жедел рәсімдеу қызметін көрсетіп, өзі және басқа адамдарға пайда әкелу мақсатында заңсыз марапат ретінде ақшалай қаржыны, яғни пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін, дәлірек айтқанда, жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін пара алған.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен бөлім басшысы С.А. және жетекші мамандар С.Т. мен У.Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366 бабының 3 бөлігінің 2,4 тармақтарымен (алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, ірі мөлшерде пара алу) қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, оларға жаза ретінде параның 70 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сонымен қатар, сот оларды қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алған мүлкін мемлекет меншігіне тәркілеумен, мемлекеттік қызмет саласындағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Сотталушы С.А.-ға 10 500 000 теңге айыппұл, С.Т.-ға 5 595 000 теңге, У.Н.-ға 7 350 000 теңге айыппұл тағайындалды.

Жаңалықтар
0