АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. Қырғызстан жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанмен шекарадағы үш бақылау өткізу пунктін кезекпен жабады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жөндеу жұмыстары "Токмок-автодорожный", "Кенбулун-автодорожный", "Актилек-автодорожный" және "Чалдыбар-автодорожный" өткізу пункттерінде жоспарланған. "Токмок-автодорожный" БӨП 2016 жылғы 25 қыркүйекте жабылады.
Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты туралы қосымша хабарланады, деп атап өтті мемлекеттік шекара қызметінде.