АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Иван Кучин мәскеулік ЦСКА форварды Бад Холлоуэйдің "бас және мойын жағына" шабуыл жасағаны үшін Құрлықтық хоккей лигасының үш матчынан дисквалификацияланды, деп хабарланады ҚХЛ ресми сайтында.
Кучиннің ЦСКА форвардымен жанжалы сәрсенбі, 20 қыркүйекте болған екі команда матчының екінші кезеңінде орын алды. Ол кезде "Барыс" армейецтерді 4:0 есебімен ойсырата жеңген. Бұл астаналық клубтың жаңа маусымдағы ең көрнекті ойыны болды.
ЦСКА ҚХЛ Батыс конференциясында көш бастап, қазіргі Гагарин кубогінің иегері болып табылады. «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғының алдындағы орында тұр. Өткен маусымда Астана командасы алғаш рет плей-офф-қа өте алмады.