Оқиға

ҰҚК: ҚР-да 2011 жылдан бері 60-тан астам экстремистік шараның жолы кесілді

© PhotoҚаруланған адам
Қаруланған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның күш құрылымдары республика бойынша бес жылдан бері 60-тан астам зорлық экстремистік шараның жолын кесті, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. Қазақстанның күш құрылымдары республика бойынша бес жылдан бері 60-тан астам зорлық экстремистік шараның жолын кесті, деп хабарлады  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

"2011 жылдан бері зорлық-зомбылыққа бағытталған 64 экстремистік шарасының алды алынып, жолы кесілді. Ал осы жылдың басынан бері мұндай тоғыз дерек болды", — деді Білісбков Астанада өтіп жатқан "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Оның ақпаратына сәйкес, қарапайым халық көп жиналатын орындарға, сонымен бірге құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың нысандарына және қызметкерлеріне лаңкестік шабуыл жасалуына жол берілген жоқ.

Білісбековтің атап өтуінше, Ауғанстанда, Сирия мен Иракта қарулы қақтығыстар басталған сәттен бері халықаралық лаңкестік ұйымдардың лагерлерінен, сонымен қатар үшінші елдердегі тірек және транзиттік инфрақұрылымдардан Қазақстанның 45 азаматы қайтарылды. Мұнан бөлек, 33 азамат өз еркімен елге оралды.  Лаңкестік әрекеттерге қатысты 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Бес жылдың қорытындысы бойынша террористік және діни сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін 445 адам сотталды. Осы жылдың басынан бері 25 адам сотталса, шамамен 50 адам тергеу оқшаулағышында отыр", — деді комитет төрағасының орынбасары.

Жаңалықтар
0