Қоғам

Астананың полиция қызметкерлері саябақты скутерлермен күзетіп жүр

Жазылу
Астана полициясында қозғалудың инновациялық тәсілі енгізілді: енді тәртіп сақшылары елордалық саябақты скутер-сегвейлерде күзетіп жүр. Екі дөңгелектік көлік құралы тоқпен жұмыс істейді.

"Ағымдағы жылы ІІД басшылығының, сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің бастамасы бойынша қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жаңа патруль түрі, атап айтқанда су патрульі электромобильдегі және скутердегі патруль енгізілді", — деді журналистерге Астана жол патруль полициясы полкінің штаб басшысы Қуаныш Еркінов.

Оның атап өтуінше, екі скутер-сигвей 2008 жылы сатып алынып, белгілі бір кезең пайдаланылған. Олардың қолдану тоқтатылған, бірақ екі апта бұрын шамасында қайта пайдалана бастаған. Аталған скутерлер саябақ аймағы, сквер мен аллеяларды күзетуге арналған.

Олар Америкады жасалып, жылдамдығын сағатына 20 шақырымға дейін арттырады. Аккумулятор толық зарядталған жағдайда күні бойы пайдалануға болады. Түнде оларды заряд алуға қояды. Скутерді басқару үшін арнайы дайындық пен жаттығу қажет етілмейді.

Жаңалықтар
0