АСТАНА 21 қыр — Sputnik. Қазақстанда 22-24 қыркүйекте жылы ауа райы салқын күзгі күндерге ауысады деп хабарланады Қазгидрометтің ресми сайтында.
Синоптиктердің мәліметінше, қара теңіздің жағалауынан жылжыған циклонның жылы ауа ағынының әсерінен алғашқы тәулікте, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында температураның көтерілуі жалғасады.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, өткір жел тұрады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жазғы ауа райы сақталады.
"23-24 қыркүйекте Шығыс Сібір аудандарынан кірген салқын ауа ағыны Қазақстанның барлық аумағында температураның төмендеуіне алып келеді",-делінген хабарламада.