Қоғам

Педиатрлар жақында емханаларда қайта пайда болуы мүмкін

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото матери с ребенком в детской поликлинике
Архивное фото матери с ребенком в детской поликлинике - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық билік жыл соңына дейін республика емханаларында балалар мен ересектерді дәрігерлер қабылдауын бөлуге уәде етуде.

АСТАНА 20 қыр — Sputnik. Қазақстандық билік жыл соңына дейін республика емханаларында балалар мен ересектерді дәрігерлер қабылдауын бөлуге уәде етуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазір министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, педиатрлар мен тар көлемді мамандар қатысатын алғашқы медициналық-санитарлық көмекті емханалық көмектен бөлу туралы мәселені қарастыруда.

"Біз атқарушы органдармен бірлесіп, жылдың соңына дейін педиатрлар балаларды өздері жеке қабылдауы үшін бөлу бойынша бір шешімге келеміз деп ойлаймын", — деді Дүйсенова сейсенбіде баспасөз конференциясында.

2015 жылғы 11 қыркүйектен бастап, 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында  балалар емханасы ересектермен біріктірілді. Соның салдарынан Қазақстанның барлық медициналық мекемелерінде жалпы тәжірибелі дәрігер балалармен бірге ересек адамдарды қабылдайтын болды. Бұдан басқа, медициналық ЖОО-ларда "педиатрия" мамандығы жойылды. Педиатр мамандығын алу үшін  интернатураны бітіру керек.

Жаңалықтар
0