АСТАНА 20 қыр — Sputnik. Өлім жазасына мораторийді алып тастау туралы мәселе мұқият зерделеуді талап етеді, деп есептейді Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми.
"Зорлау", "Адам ұрлау" және "Өлтіруге әрекеттену" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-геномдық-молекулалық сараптама қорытындысы оның оқиғаға қатыстылығын растап берді. Қазақстанда жасөспірімдерді зорлағаны үшін (14 жасқа дейінгі балалар) 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру, сондай-ақ химиялық кастрация қарастырылған. Тамыздың аяғында Ақтау тұрғындары мемлекет басшысына зорлық көрсетушілерге жазаны қатаңдатуды сұрайтын үндеуге қол жинауды бастады.
"Бұндай қылмыс түрлері бойынша өлім жазасын қайтару мәселесін, әрине, зерделеген дұрыс. Мен өлім жазасын қолдану, Қылмыстық кодексте оны қарастыру осы мәселелердің, проблемалардың бәрін алып тастайды дегенге сенбеймін, бұл оларды тоқтата алмайды. Олар (қылмыскерлер — ред.) бас бостандығынан айыру төнбейтінін білгеннен қылмыс жасамайды. Олар бұндай қылмыстарды қатты қателескеннен жасайды немесе бұл үшін жаза жоқ, соттан және тергеуден жасырынуға болады деп есептегеннен жасайды", — деді Мәми zakon.kz порталындағы online-конференциясы барысында.