АСТАНА 20 қыр — Sputnik. Астанада Қарталы көшесі жартылай жабылады деп хабарланады елорданың ресми сайтында.
"20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қарталы көшесінің Қарасай батыр көшесінен Конституция көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады",-делінген хабарламада.
Соған байланысты елорда әкімдігі жүргізушілерді айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.