Экономика

Сағынтаев ҚР өңірлерінде азаматтарды жалған жұмысқа тұрғызған деп күдіктенеді

© Photo : Pm.kzБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдің кейбір өңірлерінде зейнетақы жарналарының төмен көрсеткіші мәселесін мұқият зерделеуді тапсырды.

АСТАНА 20 қыр — Sputnik.  Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдің кейбір өңірлерінде зейнетақы жарналарының төмен көрсеткіші мәселесін мұқият зерделеуді тапсырды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың мәліметіне сәйкес, халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 81 мың қазақстандық бүгінгі таңда тұрақты жұмысқа орналастырылған. Олардың жұмыс берушілерімен аударылған зейнетақы жарналары биыл өткен жылмен салыстырғанда "айтарлықтай жоғары", деп атап айтты министр.

Сонымен қатар, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кейбір өңірлерде түрлі жобалармен айналысатын адамдардың зейнетақы жарналарының деңгейі төмен екенінен хабардар етті. "Мұнда екі жауап болуы мүмкін— еңбекақы (жұмыс беруші тарапынан— ред.) төленбегендіктен, аударым жоқ немесе жұмыс берушілер  (зейнетақы жарналарын — ред.) аудармайды. Үшіншіден, бұған сенгім келмейді, олар  (жұмысқа орналасқандар— ред.) қағаз жүзінде ғана, жалған. Мұнда бізге өте мұқият қарау керек", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Жаңалықтар
0