АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Нұржол желек жолында тұрақ орындарын абаттандыру жұмыстары басталып, автокөлік өтетін жол жартылай жабылады, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.
Астанада "Көлік кеңістігін бақылау" жобасын сынақ ретінде енгізу үшін аймақты абаттандыру жұмыстары басталды.
2016 жылғы 19-26 қыркүйек аралығында сағат 21:00-ден (тәулікке) Нұржол желек жолында автокөлік өтетін жол жартылай жабылады.
Жолдарды жабу кестесі:
20.09.2016ж. №1 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, "Нұрсая" ТҮ 2)
21.09.2016ж. №2 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, "Нұрсая" ТҮ 1)
22.09.2016ж. №3 орынтұрақ телімін жайластыру (Түркістан к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)
23.09.2016ж. №4 орынтұрақ телімін жайластыру (Бәйтерек)
24.09.2016ж. №5 орынтұрақ телімін жайластыру (Ақмешіт к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)
25.09.2016ж. №6 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, "Керуен" СО)
26.09.2016ж. №7 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, "Изумрудный квартал" БО)