Оқиға

ОҚО-дағы ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі жол апатынан бір баланы қосқанда алты адам қаза тауып, 15 адам зардап шегіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады сейсенбіде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі жол апатынан бір баланы қосқанда алты адам қаза тауып, 15 адам зардап шегіп  ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады сейсенбіде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың 19 қыркүйегінде 18 сағат 00 минут шамасында Төлеби ауданының аумағындағы Алматы-Ташкент-Термез тас жолында маркасы «Форд-Транзит» және "Тойота-Виндом" автокөліктері соқтығысқан.

"Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 1960 жылы туылған "Форд-Транзит" автокөлігінің жүргізушісі және оның 1965,1970,1971 жылдары туылған жолаушылары және 1987 жылы туылған "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі алған ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды", — делінген хабарламада.

Баспасөз баяндағы ақпаратқа сәйкес, 16 жолушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 2013 жылы туылған қыз есін жинай алмай қайтыс болды.

Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлеміне әкеп соққан іс-әрекет" қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар экспертизалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0