Мәдениет

Археолог Байпақов: Алматыға мың жылдан астам уақыт болуы мүмкін

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы көрінісі
Алматы көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тарихымыз археологиялық ізденістер мен қайта табылған қазбалар қалалардың "төлқұжаттық деректерін" қата қарауға әкелген бірталай мысалдар біледі. Теория тұрғысынан Алматы да солардың қатарында болуы мүмкін, деді Карл Байпақов.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Көптеген пікір туғызған Алматының мыңжылдық жасы ақырғы болмауы мүмкін. Тарихымыз археологиялық ізденістер мен қайта табылған қазбалар қалалардың "төлқұжаттық деректерін" қата қарауға әкелген бірталай мысалдар біледі. Теория тұрғысынан Алматы да солардың қатарында болуы мүмкін, деді Sputnik агенттігіне берген сұхбатында ҚР ҰҒА академигі, профессор, тарих ғылымдарының докторы, А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының құрметті директоры Карл Байпақов.

Алматы несколько десятилетий назад. Кадры из архива - Sputnik Қазақстан
Видео
Алматы ондаған жылдар бұрын. Архивтен кадрлар

—   Карл Молдахметұлы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң, Алматының жасы ресми түрде 800 жылдан астам уақытқа ұзартылды, осы орайда биыл біз бұрынғы астанамыздың 1000 жылдығын атап өтудеміз. Бұл жаңалықты ашуда тарихшылар мен археологтар нені негізге алғандығын айтып берсеңіз.

—  Алматы жасын қайта қарау ықтималдығы туралы мәселе өткен ғасырдың соңына қарай белсенді түрде көтеріле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алып, өз тарихын тереңірек және жанжақты зерттей бастады. Әрине, көптеген "қара дақтар" ашыла бастады. Олардың бірі Алматының жасына қатысты. 1854 жылы Верный қаласының негізі қаланған. Осы датаны қала тұрғындары көптеген жылдар бойы Алматының туған күні деп атап келді. Бірақ қаланың алғашқы тұрғындары, зиялы қауым, өлкесінің тарихына қызығушылық танытқан адамдар өздерінің бос орынға келмегендіктерін, бұл жерде оларға дейін мәдениеттің болғандығын, зор өркениеттің, мәдени мұраның болғандығын түсінген. Олар мұны көптеген қорғандар мен ескі қалалардың орнынан көрген. Сондай-ақ алғашқы қала тұрғындар тауларға барып, шатқалдарға қарап, белгілі бір құрылымдардың сүйектерін көрген. Олардың бірі беделі өлкетанушы Абрамов пікірін білдіріп, Верный қаласы қандай да бір ежелгі ескерткіштер, байырғы өркениеттің үстінде тұр деген.

© А.Х.Марғұлан атындағы аргеология институты ұсындыКерамикалық ыдыс X-XI ғғ
Керамикалық ыдыс X-XI ғғ - Sputnik Қазақстан
Керамикалық ыдыс X-XI ғғ

Бұл тақырыптың өршігені түсінікті. Шоқан Уәлихановтың өзі жазбаларында Верныйдың ескі қаланың үстінде пайда болғандығын жазған. Одан бөлек, шығыс деректерін жақсы білген ол, Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде қалалардың болғанын түсінген. Бұл ақпаратты өзге де зерттеушілер, ғалымдар растаған. Олардың бірі – шығыстанушы, әлемдік деңгейдегі ғалым Василий Бартольд. Ол бұл жерге Ресей ғылым академиясының миссиясымен Ресейге жақында қосылған аумақтардағы қалаларды зерттеу мақсатымен келген. Қалаға көп еңбек сіңірген архитектор Павел Гурдэ оны Верный қаласынан оңтүстік батысқа қарай орналасқан қаланың жұқанасы жағына апарған. Осы сапардан кейін Бартольд өзінің 1894 жылғы есебінде кірпішпен соғылған, диірмені тағы басқа да дүниелері бар ірі қаланың орнын көргенін жазған. Яғни Алматының орнында қандай-да бір қала болды деген тұжырым жасады. Кейіннен қазіргі қаланы салу кезінде қандай да бір заттарды, керамика, темір ұсталық бұйымдар, су құбырлары, қыш құмыра шеберханалары табылып жатқан.

Жаңалықтар
0