АСТАНА, 19 қыр – Sputnik. Жезқазғанда он жасар қызды зорлауға әрекеттенді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі, 19 қыркүйек күні 102 нөміріне 38 жастағы қала тұрғыны хабарласып, саябақта бейтаныс адам 10 жасар қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасамақ болды деді. Оқиға орнынан Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 23 жасар Өзбекстан азаматы ұсталды. Оны уақытша ұстау изоляторына отырғызды.
Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 24-бабы және 121 баптың 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.