АСТАНА 19 қыр — Sputnik. Қазақстанның батысында 20-22 қыркүйекте қайтадан күн жылынады деп хабарланады "Қазгидрометтің" ресми сайтында.
Синоптиктердің мәліметінше, Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан ескен жылы ауа әсері Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында температураның көтерілуіне себепші болады. температураның түсуімен қатар, республиканың солтүстік және орталық аудандары үстінде солтүстік-шығыс аағындар жаңбыр мен өткір жел алып келеді, бірақ үшінші тәулікте осы аудандарда айтарлықтай күн жылынады.
"Шығыста салқын атмосфералық фронтпен ыстықтың жайлап қайтуы, желдің күшеюі мен кей жерлерде жаңбырлы ауа райы күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жазғы ауа райы сақталады, бірақ кезең соңында таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, өткір желмен, өткінші жауын жаууы мүмкін",-делінген 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.