Мәдениет

Дүйсенбі және сейсенбіде Астана күндері Мәскеуде өтеді

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуМәскеу
Мәскеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыркүйектің 19-20 күндері Мәскеуде Астана күндері өтіп, салтанатты ашылу салтанаты дүйсенбіде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде ашылады, деп хабарлайды Ресей астансының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik. Қыркүйектің 19-20 күндері Мәскеуде Астана күндері өтіп, салтанатты ашылу салтанаты дүйсенбіде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде  ашылады, деп хабарлайды Ресей астансының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің баспасөз қызметі.

Мәдениет күндері аясында өтетін басты шаралардың бірі этноауыл экспозициясы болмақ, онда ежелгі көшпелілердің тұрмыстық атрибуттары көпшілік назарына ұсынылады Мұнда бірнеше тақырыптық киіз үй тігіледі — "Ақ Орда", "Аңшының үйі", "Шеберлердің киіз үйі", "Қолөнершілер шеберханасы" және т.б.
Сондай-ақ, этноауылға келушілер киіз үй құрастыруға қатысады. Ұлттық тағамдар мен дәстүрлі сусындар – қымыз бен шұбаттан ауыз тиеді. Елордалық фольклорлық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салса, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз еңбектерін көрме жәрмеңкеде ұсынатын болады. Қолөнершілер жүн мен саздан түрлі бұйымдар, ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайды.

Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Сахна төрінде ҚР халық әртістері Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, "Славянский базар-2015" конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген,  Бүркіт пен Аиша, "Музарт", "Формат", "Ринго" топтары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, "Наз" мемлекеттік би театры мен "Шалқыма" халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі және "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрі, "Тұран" эстрадалық-фольклорлық ансамблі және "Серпер" домбырашылар ансамблі өз шеберліктерін ортаға салады.

Сатира кешінде Тұрсынбек Қабатов бастаған үздік қазақстандық әзілкештер мәскеуліктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл күні ресейлік "А-Студио" тобы да келушілерді қуантпақ.

18-20 қыркүйекте Астана м ен Мәскеу қалаларының былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасады, елорда құрамасынан жарысқа 16 спортшы қатысады.

20 қыркүйекте сағат 19:00 Ресейдің ірі мәдени орталығы – Мәскеу халықаралық Музыка үйінің сахнасында М. Горький атындағы академиялық орыс драма театрының Болат Жандарбековтың "Сақтар" романының желісімен дайындалған "Томирис – Сақ патшайымы" қойылымы көрсетіледі.

Жаңалықтар
0