АСТАНА, 19 қыр — Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Тек республиканың батыс, солтүстік және оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. орталық және батыс аудандарда кей жерлерде тұман күтіледі.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.
Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.