Оқиға

Назарбаева Есентаеваның оқиғасы туралы: Әйелге қол көтеру – масқара

© Photo : соцсетиБаян Есентаева
Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал продюсер Баян Есентаеваны соққыға жығу туралы пікір білдіріп, мұндай жағдайды "масқара" деді.

АСТАНА, 16 қыр — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал продюсер Баян Есентаеваны соққыға жығу туралы пікір білдіріп, мұндай жағдайды "масқара" деді.

Оның атап өтуінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде ақиқат әйел тарапында.

"Әрине, мұндай жағдайлар әйелдерге барлық жағынан өте ауыр тиеді. Егер адам өзін еркек санап, әйелге қол көтерсе – бұл масқара", — деді Назарбаева тілшілерге.

Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.

Жаңалықтар
0