АСТАНА, 16 қыр — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының (жоғарғы палата) Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшы Дариға Назарбаева парламентте мерзімді әскери қызметкерлерінің санын арттыру мәселесін көтеруге ниетті.
Оның сөзіне қарағанда, үкіметте көптеген жастар мектепті бітірген соң жұмыс істемейтіндігі, колледждер мен жоғары оқу орындарына түспейтіндіндігі туралы мәселе көтерілген.
Назарбаева бұл мәселеде статистиканың нашар екенін атап өтті. Мәселен, жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда.
"Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді", — деді Назарбаева.