АСТАНА, 16 қыр —Sputnik. Қазақстанда құрастырылған автомобилдер ағымдағы жылдың соғына қарай еліміздің ішкі нарығының 40 пайызына дейін қамтуы мүмкін деп есептейді қазақстандық автобизнес қауымдастығы президенті Андрей Лаврентьев.
"Жалпы ішкі нарық құрылымында қазақстандық өндірістің 30% автомобилі бар. Бұндай көрсеткіш бізде дағдарысқа дейінгі уақытта да болмаған. Жыл аяғында, менің ойымша, бұл көрсеткіш 35-40 пайызға дейін ұлғаяды… Барлық күдік келтірушілерге айтарым, қазақстандық машина жасаудың өлгені туралы қауесеттер тым әсіреленген", — деді Лаврентьев Қазақстан машина жасаушыларының форумында.
Оның мәліметінше, қазақстандық автокәсіпорындардың көпшілігі шектеу жоспарында өздерінің инвестициялық міндеттерін орындады, сөйтіп отандық автокөліктердің құнын қолжетімді етті.
"Қазақстан өндірістің жоспарланған көлемін орындады, көптеген зауыттар бүгінгі таңда жоспарларын асыра орындады", — деп атап айтты ҚАБҚ президенті.
Соған қарамастан, республиканың инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ағымдағы жылы қазақстандық машина жасау саласын құлдырау күтіп отырғанын мойындады: жыл қорытындысы бойынша, оның айтуынша, машинажасаудағы физикалық өндірістің индексі өткен жылға қарағанда 85% құрайды.