АСТАНА, 16 қыр —Sputnik. Бішкекте ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы басталды деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.
Сыртқы істер министрлері шағын құрамда кездесті, содан кейін күн тәртібіндегі мәселелерді кеңейтілген құрамда талқылайтын болады.
Бұдан бұрын ресейлік сыртқы саяси ведомство хабарлағандай, СІМК күн тәртібінде ТМД аясындағы көп тарапты ынтымақтастық бағыттарының спектрін қамтитын 16 мәселе бар. СІМ басшылары Бішкекте ТМД елдері арасындағы көпжоспарлы өзара қарым-қатынасты ары қарайғы кеңейту бойынша тәжірибелік шараларды талқылайды, өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.