Экономика

Ұлттық банк: БЖЗҚ активтерінің табыстылығы 8 айда 6,6%-ды құрады

© Sputnik / Медиабанкке өтуАқша. Мұрағаттық сурет
Ақша. Мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жылғы қаңтар-тамызды зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,6%-ды құрады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. 2016 жылғы қаңтар-тамызды зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,6%-ды құрады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

Оның ақпараты бойынша, 2016 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық банктің сенімді басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 2015 жылы 29,1%-ға артып, 5,8 триллион теңгені құрады.

"2015 жылы салымшылардың есебіне бөлінген зейнетақы активтерінің 15,7%-ды құрады", — деді ол журналистерге.

Сондай-ақ, Ахметов БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 1,450 триллион көлеміндегі 2016 жылы салынатын барлық күтілетін бос ағындар бағытын атап берді.

Осылайша, 350 миллиард теңге республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алуға, 500 миллиард теңгеге дейін шетел нарықтарына инвестиция құю үшін шетел валютасын сатып алуға; 400 миллиард теңге мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің шартталған борыштық бағалы қағаздарды сатып алуға; 200 миллиард теңге шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің шартталған қаржы құралдарын сатып алуға бағытталған.

Жаңалықтар
0