Экономика

Экономика министрлігі 2021 жылға қарай бағамды $1-ға 340 теңге деңгейінде күтуде

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Базалық сценарий 2017-2019 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне 35 АҚШ доллары консервативті деңгейінде қалыптасып, 2021 жылы бір барреліне 45 АҚШ долларына дейін өседі.

АСТАНА, 15 қыр —Sputnik.  Еліміздің    2017 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық даму болжамы ұлттық валютаның есептік бағамын 2021 жылға қарай бір АҚШ долларына 340 теңге деңгейінде есептеу негізінде әзірленді деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың парламент мәжілісіндегі баяндамасына сілтеме жасап.

"Өз сөзінде Қ.Бишімбаев 2017 – 2021 жылдарға арналған еліміздің    әлеуметтік – экономикалық даму болжамы 2016 жылға арналған жалпы ішкі өнімді бағалауды нақтылау,  кейіннен 2021 жылға қарай бір АҚШ долларына 340 теңгеге дейін нығайтумен, 2017 – 2019 жылдары бір АҚШ долларына   360 теңге деңгейінде алынған есептік бағамы негізінде әзірленгенін атап кетті",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар құжатты әзірлеу барысында халықаралық ұйымдардың әлемдік экономиканың өсуі мен тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың өзгеру үрдісі бойынша жаңартылған болжамдары ескерілді. Осыны негізге ала отырып,  әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың түрлі өзгеруі кезіндегі  Қазақстан экономикасын дамытудың үш ықтимал сценарийі қаралды.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлерін қалыптастырудың негізіне базалық сценарий алынды.

"Базалық сценарий 2017-2019 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне       35 АҚШ доллары консервативті деңгейінде қалыптасып, 2021 жылы бір барреліне 45 АҚШ долларына дейін өседі. 2021 жылы металл бағасы        2016 жылғы деңгейге қарағанда 11%-ға дейін өсуді көрсетеді" — деп хабарлады Бишімбаев.

Мұнай өндіру көлемі кейіннен 2021 жылы 86,5 млн. тоннаға дейін ұлғаюмен, 2017 жылы 79,5 млн. тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2017 жылы 1,9%, 2018 жылы 2,1%, 2019 жылы 2,7%,    2020 жылы 2,9% және 2021 жылы 3,1% деңгейінде болжанып отыр.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2021 жылы 10,0 мың АҚШ долларына дейін ұлғаюмен 2017 жылы 7,5 мың АҚШ доллары деңгейінде кейіннен болжанады. Жылдық орташа өсу қарқыны өнеркәсіпте 2,1%-ды, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімде —  3,0%-ды, құрылыс саласында — 3,6%-ды құрайды.

Жаңалықтар
0