Видео

Азия және Еуропадан келген балет бишілері Астанада конкурста кездесті

Жазылу
Астанада 10 қыркүйектен бастап балет әртістерінің үшінші халықаралық конкурсы өтуде, оған 17-ден 25 жасқа дейінгі Қазақстан, Ресей, Жапония, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, және Әзірбайжан бишілері қатысуда.

Конкурстың сыйлық қоры шамамен 50 мың доллар. Бас сыйлық иесі 10 мың доллар алады.

Конкурсқа қатысушыларға  классикалық мұраны үздік түсіндіргені үшін  "PETIPA PRIX" арнайы сыйлығы беріледі, оны алған адам 2016-2017 жылдар маусымында Братиславада Ұлттық театрдың сахнасында Мариус Петиптің "Корсар" балетіндегі басты партияны орындайды.

Бірінші тур өті, мамандардың айтуынша ол әрдайым "оқпен атардай" өтеді, сонымен бірге үздік аталу үшін бақ сынауға конкурстың марапаттарына толық үміткер бола алатын жарқын орындаушылар келген.

Әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды тек классикалық туындылар бойынша ғана бағалап қоймай, бишілерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беретін заманауи хореографияда ұсынылған бағдарламалар бойынша да сынады. 

Жаңалықтар
0