АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. Бейсенбіде, 15 қыркүйекте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр, екпінді жел сақталады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, батыста, солтүстікте және орталықтың кей жерлерінде тұман күтіледі. Сондай-ақ, орталықта үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде үсік жүреді 1-3 градус деп күтіледі.Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.