Әлем

"Меранти" күшті тайфуны Қытайдың шығысына жетті

© REUTERS Мощный тайфун "Меранти" обрушился на восток Китая
Мощный тайфун Меранти обрушился на восток Китая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәрсенбіде кешке Қытай метеорологиялық қызметі "Меранти" тайфунының жақындауына байланысты ескертудің "қызыл" деңгейін жариялады. Әзірге қирандылар жәнне адам құрбандары туралы мәлімет жоқ.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. "Меранти" күшті тайфуны бейсенбіде өзімен бірге дауылды жел ала келіп, Фунцзянь провинциясына жетті, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Меранти" Сямэнь қаласында Сянъань округіне бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 3:05-те келді. Желдің жылдамдығы секундына 48 метрге жетті. Әзірге қирандылар жәнне адам құрбандары туралы мәлімет жоқ.

Сәрсенбіде кешке Қытай метеорологиялық қызметі "Меранти" тайфунының жақындауына байланысты ескертудің "қызыл" деңгейін жариялады. Сәрсенбіде провинцияның бірнеше ірі қаласында мектептер және балабақшалар жабылды.

Бұдан бұрын тайфун Тайвань жағалауына жетіп, мұндағы 860 мың отбасын электр жарығынсыз қалдырды және аралдағы көлік қатынасын бұзды.

Ауа райының қолайсыздығынан аралда 233 ішкі авиарейс, сондақ-ақ 168 халықаралық авиварейс тоқтатылды.

Жаңалықтар
0