АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. ҚР Қарулы Күштерінде жалпы мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ресейлік өндірістің жүк көтерімділігі үлкен екі әскери-көлік ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Қазақсьтанның қорғаныс минитстрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда өндіруші зауыт өкілдерімен сатып алынуға жоспарланып отырған ұшақтардың техникалық конфигурацияларын айқындау мәселелері, сондай-ақ, оларды жеткізудің болжалды мерзімдері бойынша келіссөздер өткізілді.Қазіргі уақытта "Қазарнаулыэскпорт" РМК-мен Ил-76МД-90А әскери-көлік ұшақтарын жеткізуге келісімшарт жобасын келісу жөнінде ресей тарапының өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.
Ил-76МД-90А өзін жақсы жағынан танытқан Ил-76 терең түрде жаңартылған версиясы болып табылады. Жаңа пилотаждық-навигациялық кешен, автоматты түрде басқару жүйесі, байланыс кешені мен "әйнекті" кабина әуе кемелері авионикасының барлық қазіргі заманғы талаптарына сай келеді және ұшулар қауіпсіздігін, ұшақты тізгіндеу мен десанттау нақтылығын анағұрлым ұлғайтады. Д-30КП2 штаттық қозғалтқыштарын анағұрлым заманауи ПС-90А-76 алмастыру, модификацияланған қанат пен күшейтілген шассиді орнату әуе кемесінің пайдалану мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді.