АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотында билікті күшпен басып аулға әрекет еткен кәсіпкер Тоқтар Төлешовтың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
"Шымкентсыра" зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың қаңтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген болатын. Арада алты ай өткен соң, яғни, маусым айында ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан екен. Қылмыстық істегі басты жауапкер Тоқтар Төлешев бірқатар қылмыстар бойынша айыпталып отыр, олардың арасында: адам ұрлау, өлтіру, заңсыз бостандығынан айыру, билікті басып алуға жария шақыру, сондай-ақ билікті басып алу немесе ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу, тонаушылық, ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым құру және оған басшылық ету сияқты айыптар тағылған.Сондай-ақ ол қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына айыпталуда.Сонымен бірге, Төлешовтің өткізу мақсатынсыз есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар екендігі жөнінде айып тағылуда.
Астанада Төлешевтің ісі бойынша басты сот талқылауы басталды
10:37 14.09.2016 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© КНБ КазахстанаТохтар Тулешов
© КНБ Казахстана
Жазылу
Сот жабық түрде өтіп жатыр. Өйткені, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар.
© Асем МиржекееваГлавное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане
1/2
© Асем Миржекеева
Главное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане
© Sputnik / Асем МиржекееваГлавное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане
2/2
© Sputnik / Асем Миржекеева
Главное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане
1/2
© Асем Миржекеева
Главное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане
2/2
© Sputnik / Асем Миржекеева
Главное судебное разбирательство по делу Тулешова началось в Астане