АСТАНА, 13 қыр – Sputnik. Ташкент мешіттерінің біріне Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің есімі беріледі, деп хабарлады сейсенбіде оның кіші қызы Лола Каримова – Тилляева.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов 79 жасқа қараған шағында 2 қыркүйек күні Ташкентте инсульттан көз жұмды. Ол ислам дәстүрімен өз елі, Самарқанда жерленді.
"Үлем (дін қайраткерлері) көпшіліктің ұсынысы бойынша мешітке Өзбекстанның тұңғыш президенті, менің әкемнің есімі беріп, "Ислом ота" деп атау туралы шешім қабылданды", — деп жазды Каримова-Тилляева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.