Видео

Дастарханның сәні - бауырсақ

Жазылу
Бүгінгі таңда заманауи талаптарға сай, бауырсақтың да бірнеше түрі шығып кетті. Атап айтар болсақ: ақ бауырсақ, май бауырсақ, ши бауырсақ, шәй бауырсақ, қытырлақ бауырсақ, (хворост) жол бауырсақ және тағы басқалар.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында — Арапа күні әр қазақтың үйінде міндетті түрде бауырсақ пісіріледі. Бауырсақ қазақта ғана емес сонымен бірге қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі. Бүгінгі таңда заманауи талаптарға сай, бауырсақтың да бірнеше түрі шығып кетті. Атап айтар болсақ: ақ бауырсақ, май бауырсақ, ши бауырсақ, шәй бауырсақ, қытырлақ бауырсақ, (хворост) жол бауырсақ және тағы басқалар.

Бауырсақтың түрлеріне сәйкес, оны пісірудің де өз ерекшеліктері бар. Ал біз сіздермен кәдімгі өзіміздің дәстүрлі үлпілдегн бауырсақты пісірудің қыр-сырымен бөлісуді жөн көрдік. Осыған орай, біз қаладағы мейрамханалардың бірінде болып, олардың бауырсақ пісіру әдісін түсіріп қайттық. Қабыл алыңыздар!

Бауырсақ пісіруде пайдаланылатын заттар:

сүт (жылы) — 1 литр

су (жылы) — 1 литр

маргарин майы — 150 грамм

тұз — 100 грамм ашытқы — 60 грамм

қант — 60 грамм

ұн — 2 200 грамм

Жаңалықтар
0