Астана, 9 қыр – Sputnik. Халықтың тұрғын үйге деген қажеттілігін төмендету үшін "Нұрлы жер" бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында айтты деп хабарлайды primeminister.kz.
"Тұрғын үй құрылысына ерекше тоқталғым келеді, қазір біз бұл мәселеге ерекше серпін беруіміз керек. Бұл сектордың дамуына біз зор көңіл бөліп отырмыз. Тек өткен жылы елімізде 9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – бұл Қазақстан үшін барлық кездегі рекордтық көрсеткіш болды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 10 млн шаршы метрден асты. Қойылған міндеттерді шешу және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2005 жылдан бері сәйкес мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, халықтың тұрғын үйге деген сұранысы әлі де жоғары", – деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты Президент ҚР Үкіметіне «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеп, онда қолданыстағы бағдарламалардың тұрғын үйге қатысты барлық мәселелерін қамтуды тапсырды.
"Жаңа бағдарламалар мыналар ескерілуі тиіс. Біріншіден, тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландыруды жеке құрылыс салушыларды ынталандырумен алмастыру қажет. Тұрғындар арасындағы сұраныстың төлем қабілеттілігін ынталандырып, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қамтумен коммерциялық банктерді ипотекалық несиелендіруге ынталандыру және оны арзандату шараларын әзірлеу қажет. Бағдарламаның басқа құрауышы тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесі арқылы несиеге берілетін тұрғын үй салуды жалғастыру болуы тиіс. Мұндайда несиеге берілетін тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс қаржыландыруға аудару керек, ал бюджеттен тек несие құнын арзандату үшін субсидиялау түріндегі қолдауды көрсету қажет", – деді Назарбаев.
Сонымен қатар Президент жеке тұрғын үй құрылысы міндеттерін шешу мемлекеттің бөлінетін жерлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен тікелей байланысты екенін атап өтті. "Сондықтан Үкімет үй салатын азаматтардан осындай инфрақұрылымды құруға салынған қаражатты қайтарып алу тетіктерін ойластыруы тиіс", – деді Назарбаев.