Астана, 9 қыр – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні үкіметке Ұлттық (мұнай) қордан республикалық бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемін қысқартуды тапсырды.
"Бізді құтқарып отыратын Ұлттық қор қаражатын сақтау мақсатында 2016 жылы кепілдендірілген трансферт көлемін 400 миллиард теңгеге қысқартуды тапсырамын, ақша ұлттық Қорда қалсын", — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ағымдағы жылдың өзінде 97 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
"Бұл қаражатқа жоғарыда айтқанымыздай сумен қамтамасыз ету, субсидиялау шаралары да қамтылсын. Осыны жақсылап пайдаланып, ұқсатып жұмсасаңдар өңірлерде көп шаралар жасауға да болатын еді", — деді Назарбаев.