Астана, 9 қыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің пікірінше, ірі сауда-саттықты долларда есептеу әдеттен арылып, азаматтар санасының долларсыздануын жалғастыра беру қажет.
"Сананы долларсыздандыруға байланысты белгілі қадамдар жасалды: мәселен, интернет сайттарында жылжымайтын мүлік пен автокөліктердің бағасын теңгеден басқа өзге валютада көрсетуге тыйым салынды", — деді Ақышев мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардың санасындағы долларға әуестік заң жүзінде оның қолданыс аясын азайту есебінен жалғасады.